1937 жылдың 24 қыркүйегінде С.Сейфулин Сталиндік қуғын-сүргінге байланысты жалған жаламен ұлтшыл, халық жауы ретінде тұтқындалды. С.Сейфуллин тұтқындау ордері,  анкетасы, қаулы, тінту протоколы, айыптау қорытындысы.

Құжат бойынша 10 жылға деп тұтқындайды, бірақ бес айдан кейін ісі қайта қаралып, 1938 жылдың 25 ақпанында Алматы қаласында 16 сағ 40 мин ату жазасының іске асқандығы жөнінде қаулы шығады. Ол 43 жасында нақақ жазадан қаза табады.

1938 жылдың 25 ақпанында ату жазасына кесілген адамдар тізімі. Түрмеде көрген азап бейнетін соңғы суреттерден көріп-сезінуге болады. С.Сейфуллин отбасына қатысты құжаттар мен фоталар. Жары-Гүлбаһрам, қызы – Лаура және ұлы – Аян. Жары Гүлбаһраммен 1925 жылы Петропавл қаласында танысып, 1929 жылы Лаура қызы дүниеге келеді, өкінішке орай 1932 жылы шетінеп кетті (Қызылорда қаласы). 1936 жылы ұлы – Аян дүниеге келеді.

Сәкен тұтқындалған соң халық жауының туыстары ретінде әкесі Сейфолла Оспанұлы мен інісі Мәлік Сейфуллиндер түрмеге түсіп, ату жазасына кесіледі.

Сәкеннің тұтқындалуынан кейін, оның жары Гүлбаһрам ұлы Аянмен НКВД органдарының қарауымен Ақмолаға жер аударылады. Сол Алматыдан Ақмолаға бара жатқан жолда ұлы Аян 1938 жылы қайтыс болды. Аянның шетінегені туралы куәлік және  Аянның басына қойылған ескерткіш тақта.

( Көкшетау қ.).

 

Сталин қайтыс болғаннан соң Гүлбаһрамның өтініші бойынша С.Сейфуллиннің  ісі қайта қаралады. Тек 1957 жыл 21 наурызда Партия есебінен ақынның ардақты есімі ақталып шығады.

Сәкеннің есімі ақталғаннан бері ақынның мерейтойы тойланып, өмірі мен шығармашылығы зерттелді. 1964 жылы Жаңарқада ақынның 70 жылдығы тойланды. Сол жылы Сәбит Мұқановтың  спектакілі алғаш рет сахна төрінде  қойылып, Сәкен рөлінде Понамаров ойнайды. 1974 жылы Алматыда 80-жылдық мерейтойы тойланады, Сәкен рөлінде Сапар Оразалин ойнайды. Кейін 1994 жылы Ақмолада 100-жылдық мерейтойы аталып, оған арналған ескерткіш қойылады. Ал, Алматының Кеңсай зияратында С.Сейфуллиндер отбасына арналған «Тағдыр» атты ескерткіш тасы қойылады. С.Сейфуллин тойланған мейрейтойларына арналып, жасалған ескерткіштер мен заттар.