Сәкен Сейфуллиннің Педагогикалық қызметімен осы залда танысамыз.

 

С.Сейфуллин өзінің аз ғұмырында педагогикалық қызметпен де айналысып, біраз жетістіктерге жеткен.  Ірі педагог, тамаша ұстаз.

Ақмолада 1912 жылы Ғабдулла Халфе Сұлтанұлы медресесінде қазақ және татар балаларына орыс тілінен сабақ беруден бастайды.

1916 жылы 13 мамырда Сәкен Омбы мұғалімдер семинариясын бітіріп, куәлік алып, Ш.Уәлихановтың жиені Сұлтан Абылаевтың үйінде мектеп ашып, мұғалімдік қызмет атқарады.

1917 жылдың ақпан айында  Ақмолаға келіп, Пионер көшесінде орыс-қазақ 2 кластық училищеде Д.А.Гобузовпен бірге дәріс береді. 1 класты С.Сейфуллин оқытты.

Гобузовтың үйінде қолданған заттары.

Ыдысы, заттары пайдаланған сурет дәптері.

Ақмола қаласындағы мектептің ашылу тарихы мен жас ұстаздың оқыту жұмысына деген құлшынысын мектептегі алғашқы шәкірттерінің бірі, журналист-ұстаз Орманбаев Жұмабай  өз естелігінде былай суреттейді: «Халықтық билік депутаттар кеңесі негізгі қызметін мектеп ашу мен балалар жинақтаудан бастады. С.Сейфуллиннің атсалысуымен 1917 жылы мектеп  Ақмоланың Слободкасында ашылды. Үш бөлмелі үй еді, екі бөлмесінде  балалар оқыды, бір бөлмесінде Сапайұлы Дүйсекей мен С.Сейфуллин тұрды. Сәкен 1-сыныпқа сабақ берді. Мен де сол 1-сынып оқушысы едім. Класта 45 оқушы болды. 12-13 жастағы балалар. Менімен бірге Мәжит оқыды. Көпшілігі кедейдің балары еді. Оқушыларды мектепке қабылдау үшін іріктеу жұмысын С.Сейфуллин өзі жүргізді. Мектепте оқимын деген талапкерлер көп еді. Ауқатты жанұя балаларын қабылдамады. Балалардың  бәрі ересек. Ұстаз-Сәкен  22-23 жастарда еді. Бізге бірден ұнады. Өз ойын нық, қарапайым тілмен  көзіңе қарап, жеткізетін. Өз ісіне ұқыпты, басқадан да соны талап ететін. Бірінші күн сабаққа келгенімізде біздің сыртқы келбетіміз ұнамады ма, сабақтан кейін балаларды алып қалып, сабаққа келу тәртібін айтып, түр-тұрпатты жөндеп, шашты қиып, сабақта, сабақтан тыс қалай жүріп, тұру керектігін айтты. Оқулықтар мен дәптерлерін ұқыпты ұстауды ескертті. Сол кезде Ақмоладағы орыс-қазақ жастары С.Сейфуллиннің сұлу кескініне, еркін-жігерлі жүріс-тұрысына қызыға  қарайтын. Үстіне  әр мезгіл қып-қызыл (не жібек, не сәтеннен) қысқа жағалы украинша көйлек киетін, аяғында   жақсы шеблет, беліде кестелі өрме белбеу, шалбары қара шұғадан, шашы жауып тұратын…».

Ақмолада мұсылман мектебі ашылады. Мектеп директоры Ғалымжан Құрмашев болады. Мектепте Сәкен және Ғалымжан Құрмашевтің жары Асима Қарабекқызы сабақ береді. Ғалымжан Құрмашев – С.Сейфуллиннің досы. Ол да Омбы қаласынан 1916 жылы білім алып келген. Алғашында С.Сейфуллин басшы болып тағайындалған  Ақмола уезінің солтүстігіне баратын санақ комиссиясының мүшесі болған. Ел-елді бірге аралаған. Байбекова Әсима Қарабекқызы – Байбектің Қарабек деген ұлынан туады. Байбек – осы жерде алғаш мектеп ашқан адам.

Н.Д.Мокина 1916-17 жылдары Ақмолада мұғалімдік қызмет атқарған. (Н.Мокинаның айнасы).

Сәкеннің  інісі Мәжит Сейфуллин 1970 жылы көрген-білгенін Сәкен туралы естеліктерді жинап, «Қызыл Сұңқар» атты кітабын жарыққа шығарды.

1927-28 жылдары ақпан айында Қызылордадағы оқу-ағарту институтының, 1928 -29 жылдары Ташкент педагогикалық институтының ректоры кезіндегі түскен суреттер.

Сәкен дәріс берген мемлекеттік Орта Азия университеті.

С.Сейфуллин және қазақ педагогикалық институтының оқушылары мен студенттері.

1929-1937 жылдары Қазақстанның астанасы Алматыға көшірілді. Осы жылдары  Алматыдағы Абай атындағы қазақ педагогикалық университетінде ұстаз болды.

1925-30 жылдары С.Сейфуллин Республиканың жоғарғы оқу орындарында жұмыс істей жүріп, жоғарғы дәрежедегі мұғалімдер мен журналистерді дайындауға зор үлес қосты. С.Сейфуллиннің қазақ педагогикалық институтын бітіргендігі туралы куәлігі.

Тәлімгерлерге оқулық жетіспеушілігіне байланысты С.Сейфуллиннің құрастыруымен және редакциялауымен шыққан оқулықтар мен еңбектер.

– «Қазақстың ескі әдебиет нұсқалары»

– «Қазақ әдебиеті»

– «Көркем әдебиет»

Алдарыңызда, фотосуретте 1923 жылы Орал қаласындағы Сәкен Сейфуллин ашқан мектеп, қазір С.Сейфуллин атындағы №11 мектеп-лицей. Дәл осы лицейдің ішінен ашылған С.Сейфуллинге арналған мұражай.

  • С.Сейфуллиннің отбасының 30 жылдары қолданған фотоаппараты мен сағаты.