С.Сейфуллиннің әдеби қызметі, журналистика саласына байланысты материалдармен таныса аласыз. 

1витрина.С.Сейфуллин жастайынан Абай Құнанбаев пен А.С.Пушкиннің туындыларынан сусындап, ақындыққа деген қызығушылығы артып, өлең жаза бастайды. Алғашқы өлеңдері, мақалалары «Айқап» журналында 1914 жылы маусымда жарық көрді. Кейінгі жылдары өзінің шығармашылығы жайында «Менің шығармашылығымның бастауы» деген мақалада айтылады. Бұл мақала 1959 жылы «Қазақ әдебиеті» газетінде қазақ тілінде жарияланды. 1931 жылы А.Пушкиннің қайтыс болғанына 100 жыл толуына арналған жиында Сәкен Сейфуллин сөз сөйлейді. А.С.Пушкиннің 3 томдық кітабын өзінің редакциялауымен жарыққа шығаруына байланысты осы салтанатты жиында оған орыс ақындары құрмет көрсетіп, төсбелгі (медальон) мен марапатталады.

Қазақтың үш бәйтерегі: С.Сейфуллин, І. Жансүгіров, Б.Майлин.

2 витринада1934 жылы С.Сейфуллин 40 жасқа толуына байланысты Өзбек жазушы сыйлаған достары

шапан мен тақия, інісі Мәжиттің берген қол таяғы

.

3витрина.Ақынның әдебиеттегі еңбектеріне тоқталсақ, 1922 жылы  бірден 3 кітабы жарыққа шықты.

  • «Асау тұлпар» өлеңдер жинағы. Орынбор 1922 ж.
  • «Қызыл сұңқарлар» пьесса.Орынбор 1922 ж.
  • «Бақыт жолында» бұл қазақ әдебиеті тарихында бұрын соңды болмаған оқиға еді. Сонымен қатар, 1922 жылы С.Сейфуллин «Айша» повесін жаза бастады. 1935 жылы повест жеке кітап болып басылып шығады. Бұл повест қазақ әйелдерінің жеке өмірін әйел теңсіздігі мәселесі жөнінде жазылады. Жазушы Ғайша Шәріпова  «Айша»  повесін орыс тіліне аударған.

С.Сейфуллин халық шежірелерін, ақын-жыршы шығармаларын ауыз әдебиетінің үлгілерін қисаларды хас шеберлерге айтқызып, аса қажеттілерін құндыларын қазақ бетіне түсірген. Солардың бірегейі Шәкәрім Құдайбердіұлының «Ләйлі Мәжнүн» дастаны, Ыбырай Алтынсариннің «Таңдамалы» өлеңдер жинағы. Алматы 1935 ж. Ақан Серінің өлеңдер жинағы, 1930-жылдардан кейін Ақанға байланысты деректер жинап, ақынның жүрген жерлерінде  болып, зерттеу жұмыстарын жүргізіп,  жеке жинақ құрастырған және  алғы сөзін  жазған С.Сейфуллин болды.  Ақанның мол мәлімет бере отырып, оны заманында мырзалықты, серілікті ту еткен, өнерін халқы сүйгендіктен сері атаған. С.Сейфуллин «Ақанның  үні, әншілігі, ақындығы ешкімге тең келтірмейді» деген аса жоғары баға береді.

Ел аузында, Ақан сері кейбір заттарын өзімен алып жүрген. Өте таза, кірпияз, сал сері болған деген әңгіме бар.

Алдарыңызда шыны тұғырдатұрған кесе – Ақан серінің тұтынған кесесі. Өте ерекше кесе, біріншіден кесе әлемге танымал «Поставщик Двора Его Величества» Матвей Сидорович Кузнецовтың Фабрикасында жасалған. Кесенің астында арнайы таңбасы бар. Осындай жалпы кеселер, табақтар «шығыс тауары»  деп аталған екен.  Арқа жерінде  «метр» кесе дейді, ал басқа аймақтарда «сапар кесе» деп аталады. Кесені мұражайға Абай Қабатайұлы Байгенжин тапсырды. Сонау қиын 1930-32 жылдары жанұя құрған ата-анасы бұл кесені көздерінің қарашығындай сақтап келген екен. Күнделікті  тұрмыста пайдаланбай, арнайы  баптап сақтағандықтан, кесенің сақталуы жақсы.

4 витрина. 1926 жылы С.Сейфуллин басшылығымен қазақ жазушылар қауымдастығы құрылады. (ҚазАПП). Экспозицияда толық құрамы көрсетілген. Қазақстан Жазушылар Одағы мүшелігіне қабылдау жөніндегі С.Сейфуллиннің қолы қойылған қаулылар. (№1,2).

1920-30 жыл С.Сейфуллин «Еңбекшіл қазақ» газеті және «Әдебиет майданы» журналында бас редактор қызметін атқарып, қазақ әдебиет мұрасына ақын жазушылардың өміріне үлкен мән беріп, олардың шығармаларын жинақтап, баспасөз бетінде жариялау жұмысына зор еңбек сіңіреді. Алдарыңызда, 1919 жылдан бері шығатын «Ұшқыннан» – «Егемен Қазақстанға» дейінгі газет атауының өзгеру хронологиясы.

Газет 1919 жылдан бастап шығып, 1920 жылы қазан айындағы Қазақстанның тұңғыш Советтер съезі өткенге дейінгі «Ұшқын» атымен съезден кейін «Еңбек туы» деген атпен шығады. 1920 жылы 4 қазан айында Қазақстанның Советтер съезі ашылды. Тұңғыш съезде С.Сейфуллин Қазақстан Орталық атқару комитетінің президиум мүшесі болып сайланады. Газеттің алғашқы сандарында С.Сейфуллин «Жас Қазақ» марсельезасы, «Жолдастар», «Жел қайықта» атты өлеңдері жарияланған.

С.Сейфуллиннің  ағайынды Өтекиндермен бірге түскен суреттері.

1923 жылғы хаттама көшірмесі. Бұл хаттамадағы күн тәртібінде С.Сейфуллин «Еңбекшіл қазақ» газетінің тиражын көбейту жөніндегі баяндама жасалғаны көрсетілген.

«Cоциалистік Қазақстан» газетіне 1919-1961 жылдары келіп түскен еңбекшілердің хаты.

5 витрина.1934 жылы М.Горькидің басқаруымен Мәскеуде кеңес жасушыларының бүкілодақтық бірінші съезі ашылды. Сол съезде қазақстаннан делегат болып С.С. І.Жәнсүгіров, Б.Майлин қатысты.

С.Сейфуллин Қазақстан жазушыларының бірінші съезіне қатысқан жазушылар арасында. С.Сейфуллин Н.Островский мен Ф.Березовскийге жазған хаттары.

Залдың ортасында С.Сейфуллиннің мүсіні. Авторы Юрий Буштрук.

6 витрина.С.СейфуллинЕңбек Қызыл ту орденімен марапаттау туралы ҚСРО Орталық атқару комитетінің қаулысы. Мәскеу. Кремль, 26 мамыр 1936 жыл.

1936 жыл 17-27 мамырда Мәскеуде Қазақ әдебиеті мен өнерінің алғашқы онкүндігі өтеді. КСРО жазушылар одағында қазақ әдебиеті жазушыларының шығармалары талқыланады. С.Сейфуллин шығармашылығы жайлы А.Селеванский баяндама жасайды.

С.Сейфуллин Ж.Жабаевпен кездеседі. 1936 жыл осы онкүндікте орыс жазушысы Галина Серябряковамен  танысады (1905-1980 жыл).Г.Серябрякованың  «Маркстің жас шағы» кітабын С.Сейфуллин қазақ тіліне аударып шығарады.

Шыны сөреде, С.Сейфуллиннің авторлығымен шыққан кітаптардың түпнұсқалары қойылған.

Сол жағыңызда,Қазақ Жазушылар одағында жұмыс істеп жүргенде отырған креслосы.

7 витрина. Алдарыңызда С.Сейфуллинді зерттеген ғалымдар: М.Қаратаев, Е.Ысмайылов, А.Сатай, Т.Кәкішұлы.

Шыны сөредезерттеушілердің С.Сейфуллин жайлы еңбектері қойылған.

Алдарыңызда шыны тұғырда, 1.С.Сейфуллин 1930 жылы қолданған қаламы, сия сауыты, мүштігі, күл салғышы, ақша түрлері және әтірі, қол жазбалары мен әмияны.

2.С.Сейфуллиннің шығармашылығына 20 жыл толуына байланысты сыйланған алтын қалта сағаты.