Үш Бәйтерек

«Сырсандық» сериясымен және музей аясында жарық көрген басқада кітаптарды кеңінен таныстырып, оқырман назарына ұсынып келеміз. Бүгін «Сырсандықтың» бесінші кітабын назарларыңызға ұсынамыз. «Сырсандық» сериясының бесінші кітабы 2019 жылы «Сарыарқа» баспасынан жарық көрген. Өткен жылы туғандарына 125 жыл толып отырған қазақтың үш арысы – Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майллинге арналған. Бір жылда дүние есігін бірге ашып, […]

21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні

21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні. Ел руханияты үшін аянбай еңбек еткен барша мәдениет қызметкерлерін бүгінгі айтулы мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз. Сәкен Сейфуллин музейінде белсене еңбек етіп жатқан қызметкерлердің осы уақытқа дейінгі бағындырған белестері мен жеткен жетістіктерін назарларыңызға ұсынамыз. Мереке құтты болсын!

Өспендегі Сәкен мұражайы

Өспендегі Сәкен мұражайы – Қазіргі Қарағанды облысы, Нілді аулдығы Өспен кенті. 2007жылы Өспен кентінің 160 жылдық мерейтойына орай, халықтың қалаулы азаматы, қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллин мен Өспен өлкесінің өмір жолын суреттейтін Сәкен атындағы тарихи-өлке тану мұражайы ашылды. Сегіз қырлы, Сәкендей асыл ердің ізі қалған Өспен кеніті туралы білгіңіз келсе төмпендегі видеоға назар салыңыз.

Сәкен Сейфуллиннің әкесі

С.Сейфуллиннің әкесі – Сейфолла Оспанов кезінде құсбегі болған. Музей қабырғасында Сейфолла Оспановтың ат үстінде, қолында құсы, аң аулауға бара жатқан сәті суреттелген портрет ілулі тұр. Сурет авторы- танымал суретші Б.Мырзахметов.

мәдениет министрінің орынбасары музейде

Мәдениет министрінің орынбасары Нұрғиса Дауешов 18-мамыр халықаралық музей күніне орай Сәкен Сейфуллин музейіне арнайы келді. Қазақтың ардақты перзенті, мемлекет және қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің көзіндей болған музейдің өткен тарихы және бүгінгі қарқынды жұмысымен танысқан Нұрғиса Мұратұлы ондағы қызметкерлерді айтулы мерекемен құттықтады. Музей директоры Несіпбек Айтұлы музей бағындырған белестер мен музей аясында атқарылған игі шараларды айтып […]

18-мамыр халықаралық музей күні

18- мамыр халықаралық музей күні. Музей – бір елдің өткен тарихын, салт-дәстүрін, мәдениетін, рухани құндылықтарын әйгілейтін қасиетті орын. Сәкен Сейфуллин музейінің тарихы туралы видеоны назарларыңызға ұсынамыз. Барша әріптестерді халықаралық музей күнімен құттықтаймыз!